22.01.2014, 19:00 1902

ЭКСПО-2017 павильоны Ибу-Дәбидегі дүниежүзілік болашақ энергетикасы саммитінде таныстырылды

"Астана ЭКСПО-2017" АК" АҚ, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен өзге де қазақстандық ведомство өкілдері саммиттің панельді сессиясына қатысты", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 18-22 қаңтары аралығында Қазақстан БАИ астанасы Ибу-Дәбидегі "Тұрақтылық аптасына" қатысады, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

"Астана ЭКСПО-2017" АК" АҚ, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен өзге де қазақстандық ведомство өкілдері саммиттің панельді сессиясына қатысты", - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік болашақтың энергетикасына саммитінде (World Future Energy Summit) екі күн ішінде 650 компанияның тақтасы таныстырылып, халықаралық және әлемдік энергетика компанияларының жетекшілері сөз сөйледі.

"World Future Energy Summit-тің арналуы мен көрмеге экспонат ретінде қатысу біздің жұмысымыздың маңызды кезеңі болып табылады. Бұл ЭКСПО-2017 тақырыбы мен концепциясының кезекті қадамы. Біз баламалы энергетика саласында нәтижелі келіссөзді күтеміз және жаңа бастамаларға қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Бұл біз үшін Қазақстанға инвестиция тартуға таптырмас мүмкіндік. Екі күн ішінде әлеуетті инвесторлармен кездесу ұйымдастырылып, Samsung, Sumitomo Electric Industries, Total секілді бірқатар халықаралық компаниялармен келіссөздер жасастық", - дейді "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Халықаралық көрме бюросы мен ЭКСПО қатысушыларымен жұмыс департаментінің директоры С. Иміров.

Осы тұрғыда WFES 2014 көрмесіндегі қазақстандық павильон ең көп кісі келген жердің бірі болды.

"ЭКСПО-2017" павильонының ерекшелігі оның интерактивтілігінде. Тамашалаушылар онлайн түрде expo2017astana.com сайтына бағытталатын "Болашақтың энергиясы" тақырыбындағы өзіндік бейнелерін түсіре алады. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің концепциясы мен тақырыбын жақынырақ тануға болады", - делінген хабарламада.

Қазақстандық делегация Масдар қаласына сапар жасады. Бұл қала алғаш рет өз тарихында инфрақұрылымда тек қана жаңғыртылатын қуат көздерін пайдаланып, көмірқышқыл газы қалдығын нөл пайызға түсірді. Жобалау мен құрылыс жұмыстарында экоархитектура мен ғимараттың энерготиімділігі ұстанымдары ескеріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны