29.10.2009, 18:10 3467

Ел аумағында жүргізілген "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір аптада заң бұзушылық фактілері бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды

Ел аумағында жүргізілген "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір аптада заң бұзушылық фактілері бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Ел аумағында жүргізілген "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір аптада заң бұзушылық фактілері бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-28 қазаны аралығында Ішкі істер министрлігі ел аумағында заңсыз аң аулау, ағаш кесу, су жануарларын аулау, биологиялық ресурстардың объектілерін шығару және тасымалдау фактілерін анықтауға бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара аумақтық орман, аңшылық және балық инспекциясы бөліністерімен тығыз байланыста жүргізілді.

Өткен апта аралығында 2,5 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 956 заңсыз су жануарларын аулау және балық аулау ережесін бұзушылық, 960 заңсыз аңшылық, 307 заңсыз ағаш шабу, 49 биологиялық ресурстардың объектілерін заңсыз сатып алу және сату, 237 аңшылық атыс қаруын пайдалану және тасымалдау ережелерін бұзу. 2554 құқық бұзушы, 100-ден астам көлік құралы ұсталды.

ІІМ мәліметінше, 378 текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 8 тоннадан астам заңсыз ауланған балық, оның ішінде 300 кг бекіре тұқымдас балық, 389 заңсыз аңшылық объектісі, 444 бірлік аңшылық атыс қаруы 900 құралы тәркіленді.

"Анықталған бұзушылық фактілері бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды, 2044 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сомасы 3,3 млн теңгеге айыппұл салынды, 398 хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Келтірілген шығын көлемі 16,7 млн астам теңгені құрады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны