03.01.2007, 11:35 2985

Елбасы 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткізуді қаулы етемін",- делінген 29-желтоқсанда қол қойылған құжатта.

Жарлық бойынша, Қазақстан Республикасының үкіметі 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрып, көрсетілген іс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны