28.01.2011, 14:36 4888

Елбасы 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз етуге бағытталған "2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз етуге бағытталған "2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарлыққа сәйкес, 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылы деп жарияланды.

Ол "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы" ұранымен өткізіледі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны