18.05.2016, 14:07 4031

Елбасы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев О.Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оныӊ отандық зиялы қауымныӊ көрнекті өкілі екенін атап өтті

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев О.Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оныӊ отандық зиялы қауымныӊ көрнекті өкілі екенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, еӊ бастысы қуанышта да, қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болып, ар-намыстыӊ үлгісін көрсетеді, сол арқылы халық бірлігі мен мемлекет қуатын сақтайды. Сіз "Невада-Семей" қозғалысын басқардыӊыз және Семей ядролық полигонын жабу ісінде зор көмек көрсеттіӊіз. Кейінгі жылдары да жеӊіл болған жоқ. Қазақстан шекарасыныӊ демаркациясын жүргізіп, тәуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл істе де Сіздіӊ үлесіӊіз бар. Бүгінде зиялы қауым өкілдері мен бүкіл жастарымыз үшін үлгі болып отырсыз, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, сондай-ақ татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін О.Сүлейменовке "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" Алтын жұлдызын тапсырды.

Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, отбасы бақытын және шығармашылық табыс тіледі.

О.Сүлейменов жоғары атақ берілгені үшін алғысын білдірді және бұл бүкіл Қазақстан әдебиетін қолдаудыӊ көрсеткіші екенін айтты. Ол сондай-ақ өз шығармаларыныӊ барлығы халық пен елдіӊ игілігін арттыру ниетімен жазылғанын айтып, мемлекетімізге бақытты болашақ тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны