16.01.2007, 13:21 3086

Елбасы ақпан айының басында ресми сапармен Украинада болады

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Осы жылдың 1-2-қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Украинада болады. Бұл сапар 2007-жылға межеленген Украинадағы Қазақстан жылын бастауға жол ашпақ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Қазинвест" ЖШС-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының сапары аясында 2-ақпанда "Қазақстан-Украина: бизнеске жаңаша мүмкіндіктер" атты бизнес-форум өткізіледі. Бас қосудың басты мақсаты - екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасында байланыс орнату арқылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастқты күшейту.

Форумға Украина экономикасының түрлі салаларындағы (мұнай және газ, құрылыс, банктер, азық-түлік өнеркәсібі, туризм т.б) ірі және орта бизнес өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны