01.07.2016, 18:41 4727

Елбасы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Д.Абаев таяуда құрылған министрлік қызметініӊ бүгінге дейінгі нәтижелері мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Д.Абаев таяуда құрылған министрлік қызметініӊ бүгінге дейінгі нәтижелері мен алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы отандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметініӊ сапасын арттыру қажеттігіне назар аударды.

- Министрлік дәл осы мақсатпен құрылды. Барлық әлемдік, соныӊ ішінде ресейлік БАҚ өз елініӊ азаматтарыныӊ патриоттық сезімін арттыруға, дер кезінде ақпарат ұсыну және барлық мәселеге уақтылы үн қату арқылы сырттан келетін ақпараттық шабуылдарға қалқан бола отырып, ішкі саяси тыныштықты сақтауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені енгізіп, осындай жұмыстар атқару керек. Бұқаралық ақпарат құралдары - орасан күш, бұл әсіресе көптеген қатері бар интернет кеӊістікке қатысты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті қазіргі кезде мемлекет елдіӊ орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын, оны халыққа тиісті түрде жеткізу қажеттігін айтты.

- Барлық БАҚ меншік формасына қарамастан, өз халқыныӊ мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін қаражаттыӊ қатаӊ есебін жүргізу қажет. Бұл мәселені заӊ деӊгейінде реттеу қажет болса, солай істеу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Д.Абаев ұйымдастырушылық жұмыстары тұрғысынан министрліктіӊ қалыптасу кезеӊі аяқталғанын, жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл міндеттер бәсекеге қабілетті ақпараттық кеӊістікті дамытуға және түрлі саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдаудыӊ тиімділігін жақсартуға, телекоммуникация саласындағы қызмет сапасы стандарттарын жетекші елдер деӊгейіне жеткізуге, электрондық үкіметті ашық әрі есеп беруші мемлекет қалыптастыру аясында одан әрі ілгерілетуге бағытталатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты одан әрі ілгерілету, мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ тиімді тетіктерін енгізу және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны