24.06.2014, 20:24 3293

Елбасы Ақтөбе қаласындағы ""Дәру" клиникасы" медициналық оңалту орталығына барды

Елбасы Ақтөбе қаласындағы ""Дәру" клиникасы" медициналық оңалту орталығына барды

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысы клиниканың жұмысымен танысып, онда қолданылатын жоғары технологиялық оңалту жабдықтарын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев медициналық орталықтағы емделушілермен әңгімелесті. Олардың қатарында Елбасы өзін бала кезінен білетін 93 жастағы Е. Санжаровамен жүздесіп, естеліктерін айтты және оған денсаулық тіледі.

Қазақстан Президенті сонымен қатар медициналық орталық ұжымының өкілдерімен және облыстың денсаулық сақтау саласы ардагерлерімен әңгімелесіп, осы саланы мемлекеттік қолдаудың ұлғайғанына тоқталды.

- Қаражат бөлініп, медициналық нысандар құрылысы жүріп жатыр, жаңа жабдықтар сатып алынуда. Бірақ ең бастысы - дәрігерлердің жоғары біліктілігі, қазір сіздер үшін оқуға, соның ішінде шетелде тағылымдамадан өтуге барлық мүмкіндік бар. Бүкіл жұмыстың көзделген басты нәтижесі адамның өмір жасын ұзарту, ана мен бала өлімін азайту болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Клиника қызметкерлері денсаулық сақтау мәселелеріне ұдайы көңіл бөлінетіні және мемлекеттің тиімді әлеуметтік саясаты үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді.

"Дәру" клиникасы" медициналық оңалту орталығы "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау арқылы 2013 жылғы ақпанда пайдалануға берілген. Бұл клиника амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған қызмет көрсетеді. Қызметкерлерінің жалпы штат саны 214 адамнан тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны