11.06.2015, 16:02 3921

Елбасы Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V съезіне қатысуға келген Иордания Королі II Абдалламен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өӊірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өӊірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, Астанада өтіп жатқан Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезініӊ жұмысы талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияныӊ Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды.

- Сіздіӊ Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздіӊ елімізге келуіӊіз зор мәнге ие. Біз сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста болдық. Қазақстан сіздіӊ еліӊізге үлкен құрметпен қарайды. Сіздіӊ Иордания орналасқан өӊірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде маӊызды рөл атқарып отырғаныӊызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз, - деді Мемлекет басшысы.

II Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудыӊ маӊыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

- Өзіӊізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемніӊ бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз туралы Сізден кеӊес алу мені әрдайым жылы әсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өӊірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздіӊ қызметіӊізге тәнті болып келемін, - деді Иордания Королі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны