14.10.2009, 18:39 3586

Елбасы Алматы Ішкі істер департаменті бөлімдеріне жаңа көліктердің кілттерін табыс етті

Елбасы Алматы Ішкі істер департаменті бөлімдеріне жаңа көліктердің кілттерін табыс етті

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда қаланың Ішкі істер департаменті бөлімдеріне су жаңа "Mitsubishi Lanser", "Daewoo Nexia", "Wolkswagen Santana" үлгісіндегі 103 автокөліктің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Елбасы полиция қызметкерлерімен әңгімесінде Алматы еліміздегі ең үлкен қала екендігіне тоқталып, бұндай мегаполисте қылмыстың да жиі орын алатынын, сондықтан қылмыстың алдын алу үшін құқық қорғау органдарына қамқорлық жасалып отырғанын атап өтті.

"Елімізде тыныштық болу үшін сіздер жақсы жұмыс істеңіздер, сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесінде қоғамымыз гүлденеді. Елімізде тыныштық болады", деген Елбасы ІІД құрылымдарының техникалық жабдықтарымен танысып, естелік үшін суретке түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны