27.03.2013, 13:56 3035

Елбасы Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы мәдениет пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан әрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.

Алматы. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы мәдениет пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан әрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мәлімдеді.

Қазақстан Президенті зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтіп, академиядағы оқу процесін жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны