05.07.2017, 11:02 5706

Елбасы Астана қаласыныӊ көрнекті орындарын аралады

Мемлекет басшысы елордамыздыӊ символына айналған, қайта жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументінде болды. Күрделі жөндеуден соӊ ғимараттыӊ ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтіӊ күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаӊа шыныпакеттер орнатылған. Монументтіӊ холына үлкен LED-экран қойылды.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Елбасы Астана қаласыныӊ көрнекті орындарын аралады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы елордамыздыӊ символына айналған, қайта жөндеуден өткен "Бәйтерек" монументінде болды.

Күрделі жөндеуден соӊ ғимараттыӊ ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтіӊ күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаӊа шыныпакеттер орнатылған. Монументтіӊ холына үлкен LED-экран қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті "Нұржол" бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты.

Фестивальда Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген 60-тан астам автордыӊ туындылары көпшілік назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арналған ескерткіштіӊ жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргінші жолымен жүріп өтті. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан қолөнершілерініӊ теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасалған экслюзивті бұйымдарын көріп, көше музыканттарыныӊ өнерін тамашалады.

Осы жерде елордадағы "Сарыарқа" ауданыныӊ әкімі Мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.

Қазақстан Президенті елорда тұрғындарымен және қонақтарымен әӊгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенініӊ жағасында лазерлік шоуды тамашалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны