05.07.2016, 21:56 5131

Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты

Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ, дипломатиялық корпустыӊ, зиялы қауымныӊ, іскер топтар мен мәдени-ағартушылық ортаныӊ өкілдері қатысты

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ, дипломатиялық корпустыӊ, зиялы қауымныӊ, іскер топтар мен мәдени-ағартушылық ортаныӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы биыл Астана күні айрықша мәнге ие екенін, өйткені ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында тойланатынын айтты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Елорда кез келген елде бар жақсы нәрсеніӊ бәрін өзіне шоғырландыра отырып, нақты мемлекеттіӊ өмірін бейнелейді. Елорда - әрбір ұлттыӊ ұстыны. Қазақстандықтар үшін Астана да осындай мегаполиске айналды. Жаӊа елорданыӊ негізін қалау Отанымыздыӊ тәуелсіздік тарихыныӊ алтын парақтары болып саналады. Астана біз үшін - бірігудіӊ, тұтастықтыӊ, халқымыздыӊ өз күшіне, ерекше мүмкіндіктеріне деген сенімініӊ рухтандырушы рәмізі. Астана рухы ғасырлық дәстүрлерді, даналықты, халықтыӊ шығармашылығын, Қазақстан халқыныӊ өткенін, қазіргісі мен келешегін сабақтастырады. Біздіӊ мемлекетімізде, экономика мен қоғамда тәуелсіздік жылдары болған түбегейлі өзгерістер елордамызда айнадағыдай көрініс тапқан, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдары Астанада қаланыӊ одан әрі дамуына ықпал еткен халықаралық деӊгейдегі көптеген ірі іс-шаралар өткеніне тоқталды.

- Астана ЕЫҚҰ-ныӊ жаӊа мыӊжылдықтағы алғашқы саммитін қабылдады, ЭКСПО дүиежүзілік көрмесініӊ 17-ші астанасы атанды. Мұнда әлемніӊ 57 ислам мемлекетініӊ көшбасшылары қатысқан конференция және Қазақстанды танымал еткен басқа да көптеген халықаралық форумдар өтті. Бұл - біздіӊ астанамызды әлемдік қоғамдастыққа жоғары деӊгейде танылуыныӊ көрсеткіші. Астана бүгінде болашаққа көз тігеді, қаланыӊ даму қарқыны оны өмір сапасыныӊ жаӊа стандарттарыныӊ үлгісіне, бүкіл Еуразия үшін инновациялық дамудыӊ урбанизациялық моделіне айналдырады. Мұнда жаӊа өндірістер іске қосылып, шағын және орта бизнес дамып жатыр. Қала инфрақұрылымы жақсаруда, жаӊа мәдениет және демалыс нысандары ашылуда, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елорда қазіргідей күрделі уақытта да қарқынын түсірмей, қалған өӊірлерді қолдап, бүкіл Қазақстанға сарқылмайтын күш-қуат беріп отыр.

- Осы уақыт ішінде үлкен жолды артқа тастадық, көп нәрсе жасалды, бірақ жасайтынымыз әлі де көп. Біз бұған дайынбыз, ол үшін қажетті мүмкіндіктер мен құлшыныс бар. Астана біздіӊ тәуелсіздігіміздіӊ, дамудыӊ шынайы көрінісіне, азаттық пен инновация рухына айналды. Қазақстандықтар үшін жаӊа елорда, бұл - Отанымыздыӊ жүрекке жақын, тартымды орталығы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны