30.05.2016, 21:18 4264

Елбасы Беларусь Республикасыныӊ Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас одақтастық сипатымен ерекшеленетінін атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Біздіӊ республика - Беларусьтіӊ жетекші экономикалық серіктесініӊ бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соӊғы жылдарда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды. Өзара тауар айналымыныӊ деӊгейі қазіргі ахуалға байланысты аздап төмендеді, бірақ оныӊ нақты жалпы көлемі сол қалпында қалды. Елдеріміздіӊ интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соныӊ ішінде Евразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өӊірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздіӊ кездесуіміздіӊ маӊызы зор, - деді Мемлекет басшысы.

А.Лукашенко қазіргідей күрделі жағдайда сенімге негізделген мұндай келіссөздердіӊ әрдайым пайдалы екенін атап өтті.

- Былтыр біздіӊ арамыздағы тауар айналымыныӊ деӊгейі төмендеді. Бұл үдерісті кері бағытқа түсіру қажет. Біз - бір экономикалық одақта жұмыс жүргізіп отырған жақын мемлекеттерміз. Бізге қарым-қатынасымыздыӊ іргетасын - сауда мен экономиканы нығайтқан жөн, оныӊ үстіне біз қай жолмен ілгері басуымыз керектігін айқындап та алдық. Бұл бағытта жасалған нәрсе аз емес, бірақ бізге осы жағдайдан тезірек шығу үшін қарым-қатынасымызға тыӊ серпін беру керек. Халықаралық аренада біз сіздіӊ елге БҰҰ аясында да, сондай-ақ жаһандық құжат - "Илем. XXI ғасыр" манифесіне қатысты да қолдау білдіреміз. Біз көптеген бағыттар бойынша Қазақстан тарапымен бірлесе жұмыс жүргізуге әзірміз, - деді Беларусь Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны