18.03.2016, 12:23 5621

Елбасы "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясыныӊ президенті Ненад Лаловичті қабылдады

Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияныӊ Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтіӊ сапарына ризашылық білдірді

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияныӊ Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтіӊ сапарына ризашылық білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күрес - қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздіӊ елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттыӊ осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соныӊ арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев, деп Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

"Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясыныӊ президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясыныӊ құрмет орденін тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны