21.03.2013, 11:26 3398

Елбасы бірқатар мемлекет басшыларына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Атап айтқанда, жеделхат Изербайжан Республикасының Президенті Ильхам Илиевке, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзайға, Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадқа, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовке жолданған.

Астана. 21-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекет басшыларына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, жеделхат Изербайжан Республикасының Президенті Ильхам Илиевке, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзайға, Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадқа, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовке жолданған.

"Көктемнің шуақты Наурыз мерекесі елдерімізге құт-береке, бақыт пен шаттық және гүлдену әкелсін" делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларын ортақ мейрам - Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, еңбекте жеміс және әр бастамаларына табыс, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен жасампаздық тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны