29.09.2015, 10:02 4207

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ 70-сессиясы аясында Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кездесті

Кездесуде сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен перспективалары талқыланды

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесуде сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі аса өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Дуданы сайлаудағы жеӊісімен және Польша Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Елбасы Польша Президенті өз қызметінде екіжақты, әсіресе сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады деп үміттенетінін жеткізді.

Қазірдіӊ өзінде Қазақстанда поляк капиталыныӊ қатысуымен 90-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олар түрлі салаларды, соныӊ ішінде фармацевтика, өӊдеуші және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды, -деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті біздіӊ еліміз индустрияландыру бағдарламасын және инфрақұрылымдық дамуды жүзеге асырып жатқанын айтты.

Біздіӊ елімізде инвесторлар үшін ерекше артықшылықтар жасалған. Поляк компанияларын елімізде ынтымақтастық орнатуға шақырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Дуда кездесу үшін алғыс айтты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қажетті перспективалы бағыттар бар екенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны