31.01.2011, 12:35 6655

Елбасы БҰҰ-на ұлттар ұйымына ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынды

Елбасы БҰҰ-на ұлттар ұйымына ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынды. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы БҰҰ-на ұлттар ұйымына ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынды. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елбасы "біз жаһандық ядролық қаіуіпсіздік саласында көшбасшы болып қалудамыз. Қазақстан БҰҰ-ға ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдауды ұсынды", - деп мәлім еткен.

Атап айтқанда, бүгінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында салмақты бастамаларды көтеріп келеді. Қазақстан әлемде өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан жалғыз мемлекет болып табылады. Сонымен қатар еліміз аумағында Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бүгінде Қазақстанның бұл бағытта бастамалары мен қадамдары әлемде жоғары бағаланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны