04.07.2016, 20:43 4343

Елбасы CNPC корпорациясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Ван Илиньмен кездесті

Кездесу барысында компанияныӊ Қазақстандағы қазіргі қызметініӊ мәселелері, соныӊ ішінде Қашаған кен орнындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарыныӊ жайы және Қазақстан газын Қытайға экспорттаудыӊ перспективалары талқыланды

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Кездесу барысында компанияныӊ Қазақстандағы қазіргі қызметініӊ мәселелері, соныӊ ішінде Қашаған кен орнындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарыныӊ жайы және Қазақстан газын Қытайға экспорттаудыӊ перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы CNPC Қазақстандағы ірі инвесторлардыӊ бірі бола отырып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереӊдетуге септігін тигізіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- 1997 жылдан бастап компания біздіӊ экономикамызға 10 миллиард доллар инвестициялап, тағы 20 миллиард долларды мұнай кен орындарын барлау мен игеру, мұнай және газ құбырларын тарту ісіне жұмсады. Бұл - өте үлкен инвестиция. Қазіргі кезде барлық мұнай компаниялары энергия ресурстарыныӊ әлемдік бағасыныӊ төмендеуіне байланысты туындаған қиындықтарды бастан өткеруде. Сондықтан бұдан әрі жүзеге асыратын әрекеттерімізді талқылайтын кез келді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті CNPC корпорациясыныӊ басшысына Астанадағы Ұлттық би мен балет жоғарғы мектебініӊ құрылысына атсалысқаны үшін алғыс айтты.

Ван Илинь Мемлекет басшысына компания қызметін қолдап отырғаны үшін ризашылық білдіріп, алдағы кезеӊдегі жұмыстардыӊ жоспары туралы хабардар етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны