10.09.2012, 16:13 3156

Елбасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесу өткізеді

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев брифингте мәлімдеді. Мәртебелі мейманның Астанаға ресми сапары қыркүйек айының 12-14 аралығында АӨІСШК мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі және мерекелік сессиясының аясында ұйымдастырылып отыр.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев брифингте мәлімдеді. Мәртебелі мейманның Астанаға ресми сапары қыркүйек айының 12-14 аралығында АӨІСШК мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі және мерекелік сессиясының аясында ұйымдастырылып отыр.

"Сапар барысында ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Сыртқы Істер министрі Ержан Қазыхановпен, сондай-ақ ҚР Парламент Сенаты төрағасы Қайрат Мәмимен және Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбековпен кездесу жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны