03.07.2014, 21:06 3154

Елбасы ЭКСПО-2017 құрылыс компанияларының мердігерлеріне сенім білдірді

Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 құрылысымен танысу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрмеге нысандарды салатын құрылыс компанияларының мердігерлеріне сенім білдірді.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанадағы ЭКСПО-2017 құрылысымен танысу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрмеге нысандарды салатын құрылыс компанияларының мердігерлеріне сенім білдірді.

"Астана мен Қазақстанның дамуында аталмыш ірі әлемдік жобаның маңызы зор. Біздің елімізді бар құндылықтарын сапалы түрде әлем жұртшылығына ұсыну жұмысы мердігерлерге сеніп тапсырылып отыр. Бұрынғы салған нысандардан мен сендерді білемін. Керек болғанда біз өзге елдің құрылыс компанияларын да шақырта алар едік", - дейді.

Оның айтуынша, бүгінде барлығы өз кезегімен жүріп жатыр.

"Қазақстандық компаниялар бүгінге дейін өздерінің жұмыстарымен көзге түскен компаниялар. Бүгінге дейін жерге қаратпадыңдар, осы жолы да сенім артып отырмыз. Бүгінгі күннің басты міндеттемесі нөлдік циклді қазанға дейін бітіру. Осы уақытқа дейін нөлдік циклді аяқтап, одан кейін мекемелердің бірінші ғимараттарынан бастап сала беру керек. Қыс бойы тоқтаусыз жұмыс істеу қажет. Уақыт тығыз, кесте барынша қатаң болу керек", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны