08.02.2016, 15:15 3817

Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады

Кездесу барысында В.Школьник мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы, сондай-ақ электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал және министрліктіӊ басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында В.Школьник мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы, сондай-ақ электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал және министрліктіӊ басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, көмірсутек шикізаты бағасыныӊ төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еӊсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соныӊ ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теӊіз кенішін кеӊейту, Қарашығанақ кенішін кеӊейтудіӊ екінші кезеӊі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылған мөлшерді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

- Мұнай бағасыныӊ төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімніӊ өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Илемніӊ барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдіӊ мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ, - деді В.Школьник.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны