10.01.2015, 15:18 3961

Елбасы Германияныӊ федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Германия федералдық сыртқы істер министрі екіжақты экономикалық қатынастар оӊ қарқында дамып келе жатқанына тоқтала отырып, Қазақстанныӊ Орталық Азиядағы "тұрақтылық тұтқасы" болып саналатынын атап айтты.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бұл кездесу Ф.-В. Штайнмайердіӊ былтыр қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында болған әӊгіменіӊ жалғасы ретінде өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастыӊ басым тұстары мен Украинаныӊ шығысындағы ахуалды реттеу шаралары талқыланды. Украина мен Ресей Президенттерініӊ таяуда ГФР Канцлері А.Меркель және Франция Президенті Ф.Олландтыӊ қатысуымен өтуі ықтимал екіжақты кездесуініӊ бірқатар алғышарттары жөнінде байыпты пікір алмасылды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы болашағы бар жобалар мен екі елдіӊ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы туралы да сөз қозғады. Германия федералдық сыртқы істер министрі екіжақты экономикалық қатынастар оӊ қарқында дамып келе жатқанына тоқтала отырып, Қазақстанныӊ Орталық Азиядағы "тұрақтылық тұтқасы" болып саналатынын атап айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны