14.04.2015, 10:10 3584

Елбасы Иран Ислам Республикасыныӊ сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президенті біздіӊ ел Иранды жақын саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын, түрлі қиындықтарға қарамастан қарым-қатынасымыз әрдайым жақсы дамып келгенін айтты

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан Президенті біздіӊ ел Иранды жақын саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын, түрлі қиындықтарға қарамастан қарым-қатынасымыз әрдайым жақсы дамып келгенін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Мен Иранныӊ барлық мемлекет басшыларымен өзара сенісіп жұмыс істедім. Қазіргі Президент Х.Руханимен біз былтыр төрт рет кездестік. Елдеріміздіӊ арасында ынтымақтастық үшін мол әлеует бар. Ұлы Жібек жолын жаӊғырту аясында көп жұмыстар атқарылуда. Қазақстаннан Парсы шығанағына баратын теміржол экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосады. Сондай-ақ елдеріміздіӊ арасында Каспий теӊізі бойынша да өзара ықпалдастық жолға қойылған, сол арқылы бұл мәселе де өз шешімін табуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев М.Зарифті Иран сыртқы саясатыныӊ жемісті жұмысы арқылы қол жеткен Лозаннада өткен келіссөздер нәтижесімен құттықтады.

- Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан да күш-жігер жұмсады. Бәлкім, әлі барлық мәселе шешілмеген болар, бірақ келіссөз қорытындылары болашақтан зор үміт күттіреді, - деді Қазақстан Президенті.

М.Зариф Елбасыға Иран Ислам Республикасыныӊ Президенті Х.Руханидіӊ сәлемін жеткізді.

Иран сыртқы істер министрі сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа "алтылық" елдерімен Иранныӊ ядролық мәселесі бойынша келіссөздер өткізуге көмектескені үшін айрықша ризашылығын білдірді.

М.Зариф екі ел арасындағы қарым-қатынастыӊ деӊгейі жоғары екенін атап өтті.

- Қазақстан мен Иран - ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар достас мемлекеттер. Елдеріміздіӊ арасында көптеген халықаралық және өӊірлік мәселелерге қатысты көзқарас жақындығы бар. Президент Х.Руханидіӊ Қазақстанға сапарынан бері елдеріміздіӊ сауда-экономика саласындағы өзара ықпалдастық деӊгейі айтарлықтай өсті. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Иранға жауап сапары экономикалық қарым-қатынастарға жаӊа серпін береді деп үміттенеміз, - деді Мохаммад Джавад Зариф.

Сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы Қазақстан мен Иранныӊ бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамыту перспективалары зор екеніне тоқталды.

- Бізде шикізат және пайдалы қазбалар транзитіне, өнеркәсіп пен жол құрылысына байланысты одан әрі ынтымақтасуға жақсы негіз бар. Иран осы және басқа салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты бұдан әрі тереӊдете түсуге ниетті. Біз Қазақстанмен қарым-қатынастарымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қолдауымен нығая беретініне сенімдіміз, - деді Иран сыртқы істер министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны