10.04.2015, 22:19 4207

Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейіне барды

Мемлекет басшысына Қазақстанныӊ тарихи және мәдени мұрасын саралап, баға беретін заманауи интеллектуалдық орталық болуды көздеп отырған музейдіӊ қызметі туралы баяндалды

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысына Қазақстанныӊ тарихи және мәдени мұрасын саралап, баға беретін заманауи интеллектуалдық орталық болуды көздеп отырған музейдіӊ қызметі туралы баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстанныӊ ежелгі заманнан бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері қойылған экспозициялық залдарды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

***

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейі 2014 жылы ашылды. Жалпы алаӊы 74 мыӊ шаршы метр болатын музей кешені жеті блоктан тұрады. 14 мыӊ шаршы метрден астам аумақта 11 тақырыптық зал бар орналасқан, олардыӊ қатарында Астанаға, Тәуелсіз Қазақстанға арналған залдар, алтын залы, ежелгі және орта ғасыр тарихы, этнография және қазіргі заманғы өнер залдары бар. Мекеме әлемдік стандарттарға сай құралдармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылады.

Сонымен қатар, балалар музейіне, балалардыӊ шығармашылық орталығына, көрме залдарына, қалпына келтіру шеберханаларына, зертханаларға, кәсіби қор сақтау қоймасына, оқу залы бар ғылыми кітапханаға, конференция залы мен кәдесыйлар дүӊгіршектеріне арналған орынжайлар қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны