25.12.2014, 23:40 3497

Елбасы "Қазақстанды жаӊа индустрияландыру: 2014 жылдыӊ және бірінші бесжылдықтыӊ нәтижелері" деп аталған жалпыұлттық телекөпірге және "Парыз", "Алтын сапа" сыйлықтары лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Телекөпір барысында елдіӊ барлық өӊірлерімен 30-ға тарта байланыс жүзеге асты, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар таныстырылып, Индустрияландыру картасындағы ірі жобалар іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде индустрияландырудыӊ жүйелі қайтарымы бола бастағанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Біздіӊ жұмсаған шығыстарымыз әлден-ақ ел бюджетіне триллиондаған теӊге түрінде қайтып жатыр. Шын мәнісінде, өндірістік және әлеуметтік-еӊбек қатынастарыныӊ ХХІ ғасыр сұранысына сай жаӊа үлгісі қалыптасуда. Біз бүкіл экономиканыӊ құрылымын өзгерту бағытында батыл қадам жасадық. Қазақстандағы әртараптандыру сөз жүзінде емес, іс жүзінде басталды. Біз өӊдеуші өнеркәсіп көлемініӊ өсу қарқыныныӊ дәстүрлі өндіруші салаларға қарағанда әлдеқайда жоғары болуына қол жеткіздік, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама қорытындыларыныӊ сандық көрсеткіштеріне тоқталды.

- Тау-кен өндіру саласыныӊ ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлде жаӊа 400 өнім түрі игерілді. Өӊдеуші сектор Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияныӊ 70 пайызын дерлік бірінші бесжылдықта алды. Барлығы 770-тен астам жаӊа кәсіпорын іске қосылды. Жұмысшылары жоғары білікті, еӊбекақысы лайықты, мүлде жаӊа деӊгейдегі 75 мыӊ тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардыӊ жалпы саны 1 миллионнан асады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті отандық экономика жаһандық дағдарыстыӊ күрделі жағдайында тиімділік көрсеткенін айтты.

- Өӊдеуші өнеркәсіпте еӊбек өнімділігі 60 пайызға жуық өсті. Ирбір еӊбеккер жылына орта есеппен 20 мыӊ долларға артық өнім өндіретін болды. Экономикамыздыӊ энергия ауқымдылығы 19 пайызға дерлік төмендеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Республикада жаӊа сала қалыптасып, заманауи инфрақұрылым жасалды, бұл жалпы индустрияға серпін береді.

- Қазақстанға әлемніӊ ірі индустриялық алпауыттары - Airbus, General Electric, Alstom, Eurocopter, Toyota, Ssang Yong, LG және басқалары келді. Қазақстанныӊ титаны қазірдіӊ өзінде еуропалық Airbus авиақұрастырушы концерні сұранысыныӊ 15 пайызын өтеуі - айтарлықтай көрсеткіш. Сонымен қатар, индустрияландырудыӊ инфрақұрылымдық базасы едәуір ұлғайды. 4 мыӊ шақырымға жуық автокөлік жолы және 1700 шақырым теміржол қайта жөнделді немесе салынды. Соӊғы бірнеше жыл көлемінде әлемніӊ ешбір жерінде осыншама ұзақ көлік коммуникациялары салынған жоқ, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші өнеркәсіптік бесжылдықты табысты жүзеге асыру жаӊа деӊгейдегі міндеттерді шешуді қажет еткенін, соныӊ барысында тәжірибе жинақталғанын айрықша атап өтті.

- Бәрі бірдей іске асып жатпағанын да білемін. Өзім де министрлерді, әкімдерді, ұлттық компанияларды талай рет сынға алдым. Бірақ "жеӊіл болады" деп те ешкім уәде берген жоқ. Илемдік тәжірибе табысты индустрияландыру белгілі бір уақыт алатын ауыр үрдіс екенін көрсетіп отыр. Бұл үшін жаӊа кадрлар, жаӊа мамандықтар қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтардыӊ әсіресе қазіргідей жағдайда экономиканы дамытуға еӊбегімен үлес қосуы маӊызды екендігін айтты.

- Жаһандық дағдарыс кезеӊі - масылдардыӊ уақыты емес. Біз - еӊбек еліміз. Біздіӊ міндетіміз халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып саналады. Мен еӊбегімен дараланған жұмысшылар мен шаруаларға ғана арналған, үш дәрежеден тұратын арнайы еӊбек даӊқы орденін тағайындауға шешім қабылдадым. Оныӊ үш дәрежесін алған адамныӊ мәртебесі Еӊбек еріне теӊесетін болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еӊ дамыған 30 елдіӊ қатарына ұмтылушы мемлекет ретінде Қазақстанға әлеуметтік сын-қатерлерге төтеп беру керек болатынын атап өтті.

- Қазақстан экономикасыныӊ өсімін 6 пайыз деӊгейінде қамтамасыз ету үшін жыл сайын шамамен 100 мыӊ жұмыс орнын құру керек. Өӊдеуші индустрия жоғары кәсіби қызметтіӊ 80 пайызын тұтынады. Индустриялық сектордағы бір жұмыс орны іс жүзінде қызмет көрсету секторындағы 3-тен 5-ке дейін жұмыс орнын құрады. Сол себепті индустрияландыру бағдарламасы арқылы жыл сайын 30 мыӊнан 50 мыӊға дейін сапалы жұмыс орны құрылуы тиіс. Сонымен қатар, экономикалық өсім дегеніміз жұмыс орындарыныӊ өнімділігін көтеру болып саналады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентініӊ атап өткеніндей, еліміз жаһандық экономика кезігіп отырған қиындықтарға қарамастан, 2015 жылға өсіммен қадам басады.

- Бірнеше күннен кейін индустриялық-инновациялық дамудыӊ екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталады. Соған орай, Үкімет инноваторларды мемлекеттіӊ қалай көтермелей алатынын қарастырғаны жөн. Оларды оқыту керек, нәтижесі жемісті болады. Бәлкім, лайықты инновация әзірлегендерге арнайы мемлекеттік сыйлық тағайындап, марапаттау арқылы үлгі ету керек шығар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы экономика саласында өршіл міндеттерді жүзеге асыруға ұмтылған жөн екенін айтты.

- 2020 жылға қарай жоғары технологиялық өнім үлесі ІЖӨ-ніӊ 1,5 пайызынан 5 пайызына дейін өсуі тиіс. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер секторы бүгінгі 8-ден 20 пайызға дейінгі өсімді қамтамасыз етуі қажет, еӊ бастысы - ол жекеменшік сектордағы инновацияны дамыту есебінен жасалғаны жөн. Бұл міндеттерге жету жолындағы негізгі тұғыр Назарбаев Университетініӊ "Астана бизнес кампус" ғылыми паркі мен "Алатау" инновациялық технологиялар паркі болады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев республикада жаӊа өӊдеуші кәсіпорындар құру қажеттігіне, оған шетелдік капиталдыӊ қатыстырылу жайына тоқталды.

- Сірә, бізге жаӊа мұнай өӊдеу зауытын және мұнай-газ саласыныӊ бірнеше ірі кәсіпорнын салу қажет болар. Қымбатқа түсетіндігіне қарамастан, олар химия өнімініӊ барлық бағытын қамтып, газдан дәрі-дәрмекке, киімнен полиэтиленге дейінгініӊ бәрін шығарады. Сондай-ақ Қазақстанда бүкіл әлемге қажет кабель өнімініӊ толық циклін қамтитын жаӊа мыс қорыту комбинатын салуға тырысу керек. Жалпы алғанда шаруа көп, индустрия осы жолмен жүруге тиіс. Үкімет алдына қоятын міндетім - жаӊа 5 өӊдеу зауытын салу үшін Қазақстанға еӊ кемі 5 ірі трансұлттық корпорацияны тарту, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгінде жалпыұлттық және жергілікті деӊгейде нақты инфрақұрылымдық даму нысандары айқындалып, тиісті қаражат бөлінгенін атап өтті.

- Ирбір жауапты министр мен вице-премьердіӊ, аумақ әкімініӊ, мердігер компания басшысыныӊ жұмыс күні құрылыс жұмыстарыныӊ және қаражатты тиімді пайдаланудыӊ инспекциясын жасаудан басталуы тиіс. Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі барлық кеӊестерді шенеуніктердіӊ жылы кабинетінде емес, құрылыс алаӊдарында өткізу қажет. Тек сонда ғана нәтиже болады және қазақстандықтардыӊ билікке сенімі артады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті "Алтын сапа" және "Парыз" ұлттық байқауларыныӊ барлық қатысушыларын құттықтап, олар патриотизмніӊ арта түскенін, Қазақстан бизнесініӊ табысын, келешегі бар екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.

- Бұл - елдіӊ үдемелі экономикалық өсімін нақты компаниялар мен бизнесмендердіӊ үлесін бағалау арқылы дәл көрсетіп беретін барометр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпорындар өз жұмысы, индустрияландыруға қатысуы арқылы ел экономикасыныӊ да, әлеуметтік саласыныӊ да нығаюына үлес қосып отырғанына тоқталды.

- Тек "Парыз" жүлдесі байқауына қатысушылардыӊ өзі жалпы сомасы 152 миллиард теӊге болатын 440 әлеуметтік жобаны іске асырды. "Алтын сапа" жүлдесі тағайындалған күннен бергі небәрі 9 жылда байқауға қатысушылардыӊ жалпы саны 6 есе өсті. Бүгінде ұлттық байқаулардыӊ барлық жеӊімпаздары мен қатысушылары, жаӊа кәсіпорындардыӊ құрылысшылары мен еӊбек ұжымдары - нағыз Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамыныӊ алғашқы қарлығаштары, - деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара аясында Мемлекет басшысы "Парыз" байқауыныӊ бас жүлдесін "Қазгермұнай" БК" ЖШС-ға тапсырды. Бұдан бөлек, "Алтын сапа" байқауыныӊ "2014 жылдыӊ өндірістегі үздік инновациялары" арнаулы жүлдесіне Шығыс Қазақстан облысындағы "ПОСУК Титаниум" ЖШС, "2014 жылдыӊ үздік индустриялық жобасы" жүлдесіне "Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны