21.09.2015, 19:18 4089

Елбасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасыныӊ Президенті Поль Кагамемен кездесті

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан Президенті екі елдіӊ бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маӊызды екенін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы П.Кагаменіӊ өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды.

Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыӊыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз, - деді Қазақстан Президенті.

Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны