20.05.2016, 19:38 5565

Елбасы Қазақстанныӊ халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтыӊ М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтыӊ М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы халық әртісініӊ қазақ театрыныӊ дамуына куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саӊлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерініӊ дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіӊірген еӊбегі үшін С.Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Иуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көӊіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны