13.08.2017, 18:43 4493

Елбасы "Қазанат" ипподромына барды

Мемлекет басшысы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ мәдени-думанды және спорттық іс-шараларыныӊ кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан "Алтын жебе" халықаралық турнирін тамашалады.

Астана. 13 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазанат" ипподромына барды,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ мәдени-думанды және спорттық іс-шараларыныӊ кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан "Алтын жебе" халықаралық турнирін тамашалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқыныӊ ұлттық тағамдарыныӊ түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны