16.01.2012, 09:01 3294

Елбасы кеше сағат 24.00 "Нұр Отан" ХДП республикалық сайлауалды штабында болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев штабтың мүшелерімен, партиялас серіктестерімен, сенім берілген адамдармен, жұртшылық өкілдерімен, волонтерлермен, жастармен кездесті.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы кеше сағат 24.00 "Нұр Отан" ХДП республикалық сайлауалды штабында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев штабтың мүшелерімен, партиялас серіктестерімен, сенім берілген адамдармен, жұртшылық өкілдерімен, волонтерлермен, жастармен кездесті.

Мемлекет басшысы экзит-полл нәтижелері бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланған жаңалықтарды көріп болғаннан кейін жиналғандардың алдында сөз сөйледі.

"Қымбатты серіктестерім, штаб мүшелері, партияластарым! Қазір ғана біз экзит-поллдың нәтижелерін біліп отырмыз. Біздің партия сенімді нәтижелерімен, үлкен айырмашылықпен жеңіске жетті. Бұл біздің бағдарламамыз, біздің жүргізген жұмыстарымыз халықтың қолдауына ие болғанын білдіреді. Олар бізді қолдады, олар бізбен бірге, олар бізге деген сенімін арттыра түсуде. Енді біздің алдымызда өзіміздің "Қазақстан-2017" бағдарламамызды орындау, қазақстандықтар жақсы тұруы, экономикалық өсу, біздің тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін барлық істі жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл жариялығы, ашықтығы, таза өтуі жөнінен теңдессіз сайлау болды. Қазақстан күллі әлем алдында біздің алға, демократиялық мемлекет бағытына қарқынды қадам басқанымызды тағы да көрсетті. Сіздердің барлығыңызға, барлық облыстық штабтың мүшелеріне, осы сайлауға қатысқандардың бәріне алғысымды айтамын. Бұл тек "Нұр Отан" партиясының ғана емес, бұл барша халқымыздың жеңісі. Біздің азаматтарымыз тұрақтылық, тыныштық, толеранттылық, көп ұлтты халқымыздың достығы үшін дауыс берді. Тіпті Жаңаөзендегі оқиға бізді одан әрі біріктірді. Жаңаөзендіктердің өздері де өте белсенді дауыс берді, олар да біздің бағытымызды қолдады деп сенемін. Бұл қазақстандықтардың топтасқанын, олардың тұрақтылықты сақтауға деген ықыластарын білдіреді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бейнеконференция режимінде партияның өңірлік штабының белсенділерімен әңгімелесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны