31.07.2015, 20:27 7193

Елбасы Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжіӊ қаласыныӊ 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарыныӊ астанасы болып таӊдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Бейжіӊніӊ 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметінен.

"Бұл оқиға жаӊа Қытайдыӊ зор мүмкіндіктерін әлемге тағы да паш етті. Қытай тарапыныӊ Олимпиадалық ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып, халықтар достығы мен бейбітшілікті дәріптейтін олимпиадалық дәстүрді одан әрі нығайтуға үлес қосатынына кәміл сенемін", - деп атап өтілген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуге, ал достас Қытай халқыныӊ бақ-берекесі артып, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны