20.05.2014, 21:53 3035

Елбасы Қытайдағы интернет пайдаланушылардың сауалдарына жауап берді

Қазақстан Президенті Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігінің интернет-сайтын пайдаланушылармен онлайн-әңгіме өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігінің интернет-сайтын пайдаланушылармен онлайн-әңгіме өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік сапар барысында Қазақстан Президенті Қытайдағы интернет пайдаланушылардың сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің қол жеткізген нәтижелері, негізгі басымдықтары және өзекті міндеттері жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктеріне, оған қоса бұл үдерістегі АӨСШК-нің орнына қатысты пікірін білдірді.

Иңгімелесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларына арнайы көңіл бөлінді. Бұл ретте Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің "Жібек жолының экономикалық белдеуін" қалыптастыру туралы бастамасына қатысты оң пікірін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қытайдың интернетті пайдаланушыларының энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты сауалдарына жауап берді, сондай-ақ 2015 жылға қарай тауар айналымы көлемін 40 млрд. долларға жеткізу жөніндегі екі елдің басшысы ұсынған міндетті жүзеге асыру үшін жаңа жобалар дамытылуы ықтимал бірқатар саланы атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің арасында гуманитарлық саладағы ілгерілеушілікке қол жеткізілген айтып, оны әрі қарай нығайтудың бағытын айқындап берді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын атай отырып, халықаралық саяси аренадағы дипломатиялық қатынастардың теңгерімін сақтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында хабарлады.

Қытай аудиториясын қызықтыратын сұрақтарға жауап бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сүйікті спорт түрлері және олардың тұрмыс пен жұмысқа ықпалы туралы әңгімеледі.

Соңында Қазақстан Президенті өзінің өмірлік тәжірибелері жөнінде жасөспірім интернет-пайдаланушылармен ой бөлісті.

Иңгіме аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы "Синьхуа" сайты мен қытайлық интернет-пайдаланушыларға арналған естелік жазба қалдырды, сондай-ақ ең қызықты сауалдың авторына естелік кәдесый берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны