03.10.2011, 14:06 3882

Елбасы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көрмені аралады

Елбасыға Қостанай облысының ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін таныстырған облыс әкімінің орынбасары Н.Садуақасовтың атап өтуінше, 1993 жылмен салыстырғанда өткен жылы жалпы өңірлік азық-түлік көлемі 226 есе өскен. 20 жыл ішінде 2 млн. 165 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, соңғы 7 жылда 11 орта мектеп, 1 балабақша бой көтерген.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстарының мәдени күндері аясында ұйымдастырылған аталған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көрмені аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елбасыға Қостанай облысының ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін таныстырған облыс әкімінің орынбасары Н.Садуақасовтың атап өтуінше, 1993 жылмен салыстырғанда өткен жылы жалпы өңірлік азық-түлік көлемі 226 есе өскен. 20 жыл ішінде 2 млн. 165 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, соңғы 7 жылда 11 орта мектеп, 1 балабақша бой көтерген.

Ал Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықовтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,2, сауда көлемі 24,сыртқы суда айналымы 7,2, құрылыс жұмыстарының көлемі 32,8, жүк айналымы 35 пайызға артқан. Сонымен қатар "Жұмыспен қамту-2020" "Балапан" сынды мемлекеттік бағдарламалар да оң қарқынмен жүргізіліп, білім беру, денсаулық сақтау, аусыз сумен қамтамасыз ету сияқты салаларды жақсартуға қатысты жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтің сөзіне қарағанда, жалпы өңірлік азық-түлік көлемі 1991 жылы 7 млрд. теңге болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1,1 трлн. теңгеге жеткен. Өңірде 280 жаңа кәсіпорын ашылып, 17 мың жұмыс орны құрылған. Үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында 57 жоба жүзеге асырылған. Облыста 224 мәдениет нысаны бой көтеріп, 1,5 млн халық тауа ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Көрмені аралап болғаннан кейін ҚР Президенті аталған облыстардың елордадағы мәдени күндеріне арналған гала-концертті тамашалады. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының, Тұрмағанбет атындағы Қызылорда облыстық және Сүгір атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрлерінің орындауындағы Түркештің "Көңіл ашар" күйімен шымылдығы түрілген мәдени шара барысында еліміздің халық әртістері, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары әуелете ән салып, би ансамбльдері өз өнерлерін көрерменге паш етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны