14.10.2015, 20:30 4018

Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты оныӊ туған-туыстары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Н.Балғымбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көӊіл айтты

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Н.Балғымбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көӊіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеделхатта мемлекеттік басқару және экономика саласындағы ірі қайраткердіӊ бірі болған Н.Балғымбаевтыӊ бар білімі мен тәжірибесін елдіӊ өсіп-өркендеуіне арнағаны атап өтілген. Еӊбек жолын мұнай саласында қарапайым жұмысшы болудан бастап, ұдайы оқып-ізденуі мен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында биік белестерді бағындырды, Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі лауазымына дейін көтерілді. Бұл қызметті ол зор жауапкершілікпен атқарды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Н.Балғымбаевтыӊ болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Халқымыз оныӊ есімі мен еӊбегін ұмытпай, әрдайым қастер тұтатын болады", - делінген көӊіл айту жеделхатында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны