01.12.2011, 12:14 3684

Елбасы ҚР Бас прокурорын қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады.

Астана. 1-желтоқсан. azakhstan Today - Елбасы ҚР Бас прокурорын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады.

Бас прокурор Президентті елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі, терроризм мен экстремизм, сыбайлас жемқорлық және бюджет қаражаттарын ұрлау фактілері бойынша өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.

А. Дауылбаев сондай-ақ объективті құқықтық статистиканы қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттің сыртқы экономикалық саладағы мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы баяндады.

Бас прокурор елдегі криминогендік жағдай тұрақты қалыпта екенін, ауыр және аса ауыр қылмыстар қатары төмендегені байқалып отырғанын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны