21.02.2012, 11:51 3219

Елбасы ҚР парламенті сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Президентті ағымдағы жылдың 30-31 мамырында Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін өткізу жөнінде дайындық жұмыстарының барысы туралы хабардар етті және Съезд Хатшылығының Жұмыс тобының жақында өткен отырысының қорытындылары жайлы мәлімдеді.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент Сенатының Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Президентті ағымдағы жылдың 30-31 мамырында Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін өткізу жөнінде дайындық жұмыстарының барысы туралы хабардар етті және Съезд Хатшылығының Жұмыс тобының жақында өткен отырысының қорытындылары жайлы мәлімдеді.

"Жұмыс тобы тарапынан Діндер көшбасшылары Кеңесін құру қажеттігі қолдау тапты және Форумның қорытынды құжаты - оған қатысушылардың халықаралық қоғамдастыққа Үндеуі бойынша ұсыныс әзірленді. Алда болатын съезге қатысатын жетекші әлемдік діндердің рухани көшбасшыларына, кейбір мемлекет басшыларына, белгілі саясаткерлер мен сарапшыларға шақыру жолданды", - деді Қ. Мәми.

Президент аталған бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

"III съезд өткеннен бергі уақытта әлем өзгеріске түсті. IV съезге қатысушылар болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды ілгерілету саласындағы ұсынысты әзірлеулері қажет", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Діндер көшбасшылары Кеңесі жаһандық ынтымақтастық, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды дамытудың қағидатты мәселелері, сондай-ақ жаңа әлемдік тәртіп құрудың өзекті мәселесі бойынша шоғырландырылған шешім қабылдаулары қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Қ. Мәми Мемлекет басшысын заңшығармашылық қызметтің ағымдағы және келешектегі міндеттері туралы, сондай-ақ Венедағы ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына даярлық және Эр-Риядтағы "G-20" елдері спикерлерінің 3-ші Консультациялық кездесуіне қатысу жөнінде хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны