08.02.2012, 10:39 3320

Елбасы неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің диалог алаңын пайдалануға шақырды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық үдерісіне белсенді тартылған ГФР-ның жетекші экономикалық бірлестіктері, банктері мен компаниялары басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізген.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің диалог алаңын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық үдерісіне белсенді тартылған ГФР-ның жетекші экономикалық бірлестіктері, банктері мен компаниялары басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізген.

Қазақстан Президентімен әңгімесінде герман экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы К.Мангольд, герман өнеркәсібі Федеральдық одағының вице-президенті Ульрих Грилло, Германияның бұрынғы Канцлері - "North European Gas Pipeline Company" ("Северный поток") бақылаушылар кеңесінің төрағасы Герхард Шредер, сондай-ақ "Deutsche Bank" банкінің басқарма мүшесі Петер Тильс, "Deutsche Bahn" герман темір жолы басқарма мүшесі Карл-Фридрих Рауш, "Linde AG" компаниясы басқарма мүшесі Георг Деноке екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайту және дамыту жөніндегі өз көзқарастары мен тұжырымды ой-пікірлерін білдірді.

Неміс компанияларының басшылары Қазақстанда мемлекет тарапынан бизнес құқығы мен мүдделерін қорғаудың қамтамасыз етіліп отырғанын, республикада өзара байланыста жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат инвестициялық климатты елеулі түрде жеңілдетуге ықпал етенінін қанағаттанушылықпен атап өтті. Оған "Дуинг бизнес" бүкіләлемдік іскерлік рейтингі бойынша Қазақстанның динамикасының жақсы ұстанымының, сондай-ақ ҚР мен ГФР арасындағы тауар айналымының жыл сайын ұлғайып отырғанының дәлелі болып табылады.

Екіжақты қарым-қатынастарда орныққан өзара сенім мен іскерлік байланыстардың транспаренттілік рухы ерекше атап өтілді. Елімізде болып жатқан барлық жағымды өзгерістер мен реформалардан, неміс бизнесі Қазақстан көшбасшысының басым рөлі мен еңбегін көріп отыр.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті герман компанияларының басшыларына ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді. Мемлекет басшысы әлі де болса толық пайдаланылмай отырған өзара іс-қимыл әлеуеті мен бар резервтерді белсенділікпен пайдалануға шақырды. Бұл ретте республиканың Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы кең мүмкіндіктер ашады. Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға барынша қолдау көрсетіледі. Экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-идеяларды іске асырудың көптеген тетіктері бар.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ неміс бизнесмендерін құрамына ГФР-ның екі өкілі, Қазақстан-Герман Іскерлік тобы, сондай-ақ Астана экономикалық форумы кіретін Шетелдік инвесторлар кеңесінің диалог алаңын пайдалануға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны