15.04.2013, 14:51 3073

Елбасы "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесу барысында Б.Байбек "Нұр Отан" ХДП тиімділігін арттыру, партияның өңірлердегі және жастар ұйымдарымен жұмысын күшейту жөнінде партия Төрағасы берген тапсырманың іске асырылуы туралы баяндады.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Б.Байбек "Нұр Отан" ХДП тиімділігін арттыру, партияның өңірлердегі және жастар ұйымдарымен жұмысын күшейту жөнінде партия Төрағасы берген тапсырманың іске асырылуы туралы баяндады.

Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары еліміздің саяси дамуындағы және "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асырудағы партияның орны мен рөлін айқындауға бағытталған "Нұр Отан" ХДП Доктринасын дайындау барысы туралы айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны