16.01.2013, 12:34 3074

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қ.Мәми Сенаттың биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары және Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қызметінің 10 жылдығына байланысты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қ.Мәми Сенаттың биылғы жылға арналған заң шығару қызметінің жоспарлары және Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қызметінің 10 жылдығына байланысты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ Сенат төрағасы Парламенттің жоғары палатасының жоспары Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Атап айтқанда, тиісті өзгеріс пен толықтыру енгізуді қажет ететін нормативтік-құқықтық актілер анықталуда.

Бұдан бөлек, Сенат төрағасы депутаттардың еліміздің облыстарының халқымен жұмысы жайлы әңгімеледі.

Қазақстан Президенті Парламент депутаттарының өңірлердегі тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізулері маңызды екеніне тоқталды және мұндай іс-шаралар түрлерінің ауқымын кеңейте отырып, кәсіпорындарда, мектептерде, ауруханаларда және өзге де маңызды әлеуметтік нысандарда кездесулерді ұйымдастырудың қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны