07.12.2015, 14:28 4476

Елбасы Павлодар облысыныӊ әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Қ.Бозымбаев кездесу барысында Мемлекет басшысына өӊірдіӊ биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеӊге арналған міндеттері туралы баяндады

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қ.Бозымбаев кездесу барысында Мемлекет басшысына өӊірдіӊ биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеӊге арналған міндеттері туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті негізгі мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындаудыӊ, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаудыӊ маӊыздылығына назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Павлодар облысыныӊ әкімі бүгінде өӊірді дамытудыӊ маӊызды факторы Индустрияландыру картасын жүзеге асыру болып отырғанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, екінші бесжылдық аясында құны 1,2 триллион теӊге мөлшеріндегі 24 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған, оныӊ аясында 6 мыӊ жұмыс орны ашылады.

Қ.Бозымбаев сондай-ақ инвестиция тарту жұмыстары туралы да айтты. Биылғы 10 айда бұл көрсеткіштіӊ өсімі 40 пайызды болды. Павлодар облысыныӊ әкімі сонымен қатар Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырған мұнай коксын қыздыру және агрохимиялық өнім өндірісі жөніндегі екі ірі кәсіпорын туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны