25.01.2013, 10:21 2851

Елбасы рецессия қайталану ықтималдығына байланысты жаңа "Бизнестің жол картасын" әзірлеуді тапсырды

"Премьер-Министрге жаңа "Бизнестің жол картасын" әзірлеуді міндеттеймін... Осы міндетті іске асыруға қажетті қаржының көлемін есептеңіздер, қаржы көздерін анықтаңыздар, ақпан айында маған есеп баян етесіздер",- деді Елбасы.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Н.Назарбае, дағдарыс қайталанған жағдайда ел экономикасының тұрақты өсуін және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жаңа "Бизнестің жол картасын" әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз 2008-2009 жылдардағыдай жаһандық дағдарыстың және рецессияның қайталану ықтималдығына дайын болуымыз керек. Ирине, олай болмайды деп үміттенеміз, бірақ сарапшылардың болжауынша 2014 жылы дағдарыс қайталануы мүмкін, біз соған әзір болуымыз керек. Үкімет пен әкімдердің барлық жұмысында нақты екі мәселе қамтылуы міндетті, бұлар жұмыспен қамтамасыз ету және былтырғыға қарағанда экономикалық өсімді қамту. Ир өңірдегі, әр облыс пен аудандағы басты мәселе осы. Жалпы барлық мемлекеттік органдардың әрекеттерінде осы міндет ұштасатын болсын", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

"Премьер-Министрге жаңа "Бизнестің жол картасын" әзірлеуді міндеттеймін... Осы міндетті іске асыруға қажетті қаржының көлемін есептеңіздер, қаржы көздерін анықтаңыздар, ақпан айында маған есеп баян етесіздер",- деді Елбасы.

Cөз арасында Мемлекет басшысы: "баршаңызға жаңаша жұмыс істеу керек, сондықтан да біздің бағыт - экономиканың жаңа бағыты деп аталады. Сондай-ақ, тек елді индустрияландыру жұмысы ғана мемлекетіміздің озық отыз елдің қатарына кіруін қамтамасыз етеді",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны