04.12.2015, 19:12 4129

Елбасы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әӊгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі жайттарын, сондай-ақ бірқатар өзекті өӊірлік және халықаралық, соныӊ ішінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдыӊ бірыӊғай әлемдік желісін құру мәселелерін талқылады

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекеттер басшылары әӊгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі жайттарын, сондай-ақ бірқатар өзекті өӊірлік және халықаралық, соныӊ ішінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдыӊ бірыӊғай әлемдік желісін құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын да қарастырды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасып, дағдарыс тек бейбіт жолмен тезірек реттеледі деп үміттенетіндерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны