16.01.2015, 14:54 4315

Елбасы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Ө.Шөкеев Қордыӊ қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ө.Шөкеев Қордыӊ қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда Қордыӊ тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маӊызды екенін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Еліміздіӊ экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеӊде жұмыс орындарыныӊ сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маӊызды болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қордыӊ 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маӊызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.

- Биыл біз өнімдеріміздіӊ өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, - деді басқарма төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны