14.04.2016, 17:19 3897

Елбасы Сауд Арабиясыныӊ Королі Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудпен кездесті

Кездесу барысында екі елдіӊ көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен перспективаларын талқылады

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екі елдіӊ көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы Королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық деӊгейдегі іс-қимылдыӊ негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тараптар ИЫҰ саммитіне тоқталып, оныӊ табысты өтетініне, қабылдануы жоспарланған шешімдерініӊ тиімді болатынына үміттенетіндерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны