05.10.2017, 18:48 4782

Елбасы Сырдария өзенініӊ сол жағалауында салынып жатқан нысандардыӊ құрылысын көрді

Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Сырдария өзенініӊ сол жағалауында салынып жатқан нысандардыӊ құрылысын көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласыныӊ бас жоспарымен және оны толық жоспарлау жобасымен танысты.

Қазақстан Президентіне сол жағалаудағы құрылыс алаӊы 1532 гектар жерді құрайтыны, соныӊ ішінде аумағы 500 гектар жерге бірінші кезекте құрылыс жүргізілетіні жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сол жағалаудағы құрылыстыӊ эскиздері мен инвестициялық жел телімдерініӊ сызбасын көрді.

***

Жоспар бойынша 800 пәтерді құрайтын тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік-мәдени және білім беру нысандарын салу көзделген. Сонымен қатар, 100 адамды қабылдай алатын емханасы бар, 300 адамға арналған көпсалалы аурухана, 320 балаға арналған балабақша, музей мен студенттер қалашығы салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны