18.02.2013, 11:46 3363

Елбасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қазақстан Президентін 2012 жылы сыртқы саясат саласында атқарылған жұмыстың негізгі қорытындылары, сондай-ақ, ведомствоның ағымдағы қызметі және министрліктің алдына қойылған алдағы кезеңге арналған міндеттерді іске асыру барысы жөнінде хабардар етті.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қазақстан Президентін 2012 жылы сыртқы саясат саласында атқарылған жұмыстың негізгі қорытындылары, сондай-ақ, ведомствоның ағымдағы қызметі және министрліктің алдына қойылған алдағы кезеңге арналған міндеттерді іске асыру барысы жөнінде хабардар етті.

Кездесуде Қазақстанның сыртқы саясаты келешекте де көршілес елдермен екіжақты қатынастарды нығайту ісімен геосаяси үйлесімде болатыны атап өтілді. Сондай-ақ, сыртқы саяси бағыттың негізгі басымдықтарының бірі еуразиялық интеграция болып саналады.

Мемлекет басшысы Қазақстанға шетел инвестициясын тартуға және еліміздің сыртқы саясатының экономикалық аспектісін күшейтуге көмектесу қажеттігін атап өтті.

Е.Ыдырысов министрліктің қызметі "Қазақстан-2050" Стратегиясында алға қойылған халықаралық қатынастар саласындағы міндеттерді орындауға және ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізуге бағытталатынына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы республиканың сыртқы саяси бағымдықтарын жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны