30.12.2016, 13:00 3445

Елбасы Сыртқы істер министрлігініӊ басшылық құрамымен кездесті

Мемлекет басшысы кездесу барысында жаӊа Сыртқы істер министрі Қ.Ибдірахмановты таныстырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Ыдырысовтыӊ Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалғанын айтып, оған ведомство басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Сыртқы істер министрлігініӊ басшылық құрамымен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кездесу барысында жаӊа Сыртқы істер министрі Қ.Ибдірахмановты таныстырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Ыдырысовтыӊ Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалғанын айтып, оған ведомство басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті дағдарыс құбылыстары мен өзгерген жаһандық ахуал жағдайында Сыртқы істер министрлігі алдында жаӊа көзқарасты талап ететін көптеген жаӊа міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Қазақстан 1 қаӊтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ қауіпсіздік Кеӊесіндегі жұмысына кіріседі. Осы құрылымға тұрақты емес мүше болып сайлану - әлемдік қоғамдастықтыӊ біздіӊ елімізге деген құрметініӊ айғағы. Бұл - ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалыс саласындағы және күн тәртібіндегі өзге де халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанныӊ жаһандық көшбасшылығын талап ететін жауапты міндет", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаӊтар айында еліміз көптеген мемлекеттердіӊ өкілдері қатысатын 28-інші Дүниежүзілік қысқы универсиада өткізетінін айтты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев маусым-қыркүйек айларында өтетін "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі жөнінде әӊгімеледі.

"112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысатындарын растады. Іс-шараныӊ табысты өтуі көбіне Сыртқы істер министрлігініӊ жүйелі жұмысына байланысты", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті таяу арада Астанада Сирия түйткілдері жөнінде келіссөз жүргізуге мұқият дайындалу қажеттігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында мейлінше тиімді жұмысты жолға қою қажеттігін маӊызды міндет ретінде атады.

"Илемдік экономикалық дағдарыс жағдайында елдіӊ дипломатиялық қызмет органдарыныӊ жұмысындағы еӊ маӊызды жүйелі элемент экономикалық өлшемдер болуға тиіс. Инвестиция тарту және отандық тауарлар экспорты мәселелерімен айналысу қажет. Осы орайда Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктіӊ жұмысын күшейту керек. Келер жылы Астанада өткізу жоспарланып отырған ауқымды халықаралық іс-шараларға - Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ саммиттеріне тыӊғылықты дайындалған жөн", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елшіліктер Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық уағдаластықтарға тиісті бақылау жасау саласында жұмыс жүргізуі қажеттігін арнайы атап өтіп, елімізді шет елдерге танытатын министрлік қызметкерлеріне жоғары жауапкершілік жүктелетініне, сондықтан кадр мәселелеріне баса ден қою керектігіне назар аударды.

Соӊында Мемлекет басшысы сыртқы саясат ведомствосы жұмысыныӊ жақсы деӊгейде екенін атап өтіп, жиналғандардыӊ барлығын келе жатқан Жаӊа жылмен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны