11.06.2009, 17:56 3529

Елбасы "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының металл-прокат зауытын және компанияның жылу-энергия орталығының энергоблогын аралады

Елбасы "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының металл-прокат зауытын және компанияның жылу-энергия орталығының энергоблогын аралады

Қостанай. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жұмыс сапарымен бүгін Қостанай облысына келген президент Нұрсұлтан Назарбаев Рудный қаласында "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының металл-прокат зауытын және компанияның жылу-энергия орталығының қуаты 63 мегаваттық энергоблогын аралады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қостанай әкімдігінің ақпаратына сәйкес, зауыт 2010 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 7520,0 млн теңгені құрайды, ол компанияның өз қаржысынан шығарылады. Нәтижесінде 650 жұмыс орнын құру жоспарланған.

"Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ жылу-энергия орталығының қуаты 63 мегаваттық энергоблогын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құны - 8241,3 млн теңге. Жобаның аясында жаңадан 150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Жобада қарастырылған жабдықтар 100% сатып алынып, қаржы 100% игеріліп, атқарылған жұмыстар көлемі - 100% құрады.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Қостанайдағы "Наурыз" ықшамауданында болды.

Бұдан кейін Н.Назарбаев "Наурыз" жаңа ықшамауданындағы 12 нысанының бірі - №13 балабақшаны аралап көрді.

Бұл ғимарат 140 орынға, 6 жас тобына есептелген. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 209 млн теңге қаржы жұмсалды. Мұнда тәрбиелеу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тәрбиеленушілер тұрғылықты жерін ескере жиналған. Олардың 22 пайызы орыс, корей, украин және басқа да ұлттардың балалары.

Ықшамауданда қазірдің өзінде 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. Олардың жалпы көлемі 58 756 шаршы метрді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны