09.08.2012, 10:58 3127

Елбасы солтүстік аймақтардың әкімдерін қабылдады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловты, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынды және Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовты қабылдаған.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы солтүстік аймақтардың әкімдерін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловты, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынды және Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовты қабылдаған.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және астық жинау науқанына дайындық барысы туралы баяндады.

Е.Арын Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және қыркүйекте Павлодарда өтеді деп жоспарланып отырған Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы туралы бандады.

Қостанай облысының әкімі Қазақстан Президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және қуаңшылық кезде зардап шеккен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге көмек көрсету туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны