13.01.2016, 15:37 3992

Елбасы Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінде терроризм бүкіл адамзатқа үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл зұлымдықты тек күш-жігер жұмылдыру арқылы ғана жеӊуге болады. Қазақстан бейбіт өмір мен елдеріміздіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын", - делінген жеделхатта, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардыӊ туыстарына Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан көӊіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны